«Дала аңыздары» және «Педагогикалық вернисаж»

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану мүзейінде Облыстық білім бөлімінің, қалалық білім бөлімі мен Шымкент қалалық Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО Клубының үйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық «Дала аңыздары» атты балалар шығармашылық сурет байқауы және «Педагогикалық вернисаж» тақырыбындағы педагог қызметкерлердің шығармашылық көрмесі өтті. Іс-шара барысында аталған көрмеге қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Сондай--ақ, музей директоры Гүлнар Саматқызы ұйымдастырушы ұстаздарға алғыс хаттар табыстады.

 

Галереясы