«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғару» конференциясы

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғару» мақаласының аясында Ә.Марғұлан атындағы археология институт ұжымы, оны директоры, академик Б.Ә.Байтанаевтың, «Арман» гимназиясының қолдаумен атақты ғалым, шығыстанушы, тарих және археология ғылымдарының докторы, облыстық музейдің негізін қалаушылардың бірі М.Е.Массонның 120 жылдығына орай қалалық жалпы орта мектептері арасында өлкетану конференциясы өтті. Қалалық жалпы орта мектептері арасында өлкетану конференциясына қатысушы оқушылар арнайы сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Конференцияға қатысушы оқушылар «Сырдарьинский участок Великого Шелкового пути и школьного краеведения», «Средневековый Сауран – памятник истории ЮКО», «Боралдайдың петроглифтері», «Сайрам-Угамский государственный национальный парк и экотуризм», «Памятники моего города», «Целесообразность сбора лекарственных растений в ущелье Каска су», «Роль женщины в казахском обществе и государстве», «Знаменитые люди ЮКО: вклад Н.П.Подушкина в развитие археологии Казахстана», «Экологический туризм и история родного края», «Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи орындар негізінде тарихи туризм кластерін дамытудың жолдары қандай?» тақырыптарында баяндамалар жасап, презентация көрсетті.

 

Галереясы