«Жарқын болашағымыздың тұғыры - рухани жаңғыру» лекция

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау және мақаланың басым бағыттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚР IIM Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің жауынгерлеріне өлкеміздің киелі орындарының тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін «Ескерткіштер – ел тарихы» атты көрмеге тақырыптық экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар «Жарқын болашағымыздың тұғыры - рухани жаңғыру» тақырыбында лекция оқылып, Қазақстанның жаңғыру кезеңдерін айғақтайтын арнайы бейнебаяндар көрсетілді.

 

Галереясы