Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында тұратын қандастарымыз қонақта болды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Бақ қонған өлке – Бай бесік» деп әспеттейтін Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында тұратын қандастарымыз қонақта болды.Қандастарымыз өз елінен шалғай жатқан елде өмір сүрсе де, салт-дәстүрімізбен әдет- ғұрпымызды, ұлттық құндылықтарымызды бай қалпында сақтап келгендіктерін мақтанышпен баяндады. Өзге елде жүрсе де ұлттық рухымызды биік ұстап жүрген қандастарымызға тарих қойнауынан сыр шертетін құнды жәдігерлерімізді насихаттап, экскурсия жүргізу біз үшін де үлкен мәртебе.

 

Галереясы