«Қазыбек бидің шешендік өнері» экскурсия

Бүгін ОҚО тарихи-өлкетану музейінде еліміздің тарихы мен мәдениетін баяндайтын құнды жәдігерлерімізді насихаттай отырып, шолу экскурсиясы жүргізілді. Сонымен қатар халқымыздың тарихында ерекше орын алған біртуар тұлғаларымыздың өмір жолы мен еңбегін өнеге тұтып, болашақ ұрпақтың жадында патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында №90 жалпы орта мектеп оқушыларына Қазыбек бидің 350-жылдығына арналған «Қазыбек бидің шешендік өнері» тақырыбында жасақталған көрмеге тақырыптық экскурсия мен «Қазыбек би шешендік дәстүрдің шыңы» тақырыбында лекция сабағы өтті.

 

Галереясы