ҚР Ішкі істер органдарының және Ұлттық Ұланының Құрметті ардагері

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғару» мақаласының аясында және Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына арналған «Музейге сый тарту» акциясына ҚР Ішкі істер органдарының және Ұлттық Ұланының Құрметті ардагері, отставкадағы подполковник Нұрымбетов Сұлтан Жаңабайұлы қатысып өз заттарын музейге сыйға тапсырды. Жәдігерлерді музей директоры Гүлнар Саматқызы салтанатты түрде қабылдап алды.

Галереясы