Құрметті азаматы Нұрғали Қадырбаев

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғару» мақаласының аясында және Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына арналған «Музейге сый тарту» акциясына ғылым мен білімнің дамуына үлесін қосып жүрген профессор, жазушы, журналист, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы Нұрғали Қадырбаев қатысып өз заттарын музейге сыйға тапсырды. Жәдігерлерді музей директоры Гүлнар Саматқызы салтанатты түрде қабылдап алды.

Галереясы