Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Көне заман күмбірі» атты көрменің ашылу салтанаты өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Көне заман күмбірі» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Музейде жасақталған көрмеде музей қорындағы музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, баян т.б) фотосуреттер қойылды.

Іс-шарада қазақтың ұлттық сазды аспаптары домбыра, қобыздың қалай жасалу жолдары туралы Сәдібеков Қожабек шеберлік сабағын өткізіп, баяндап берді. Музей қызметкері Шекербекова Разия Сатқынбекқызы «Көне заман күмбірі» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ Батырбек Өтеп атындағы «Өнер» мамандандырылған мектеп-интернаты және Хайдар Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясының оқушылары өз өнерлерін көрсетіп алғыс хаттармен марапатталды.

 

Галереясы