«Латын әліпбиіне көшу –уақыт талабы» атты дөңгелек үстел

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғару» мақаласының аясында «Латын әліпбиіне көшу –уақыт талабы» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының саяси қызметтер жөніндегі бөлімінің басшысы Мәжімбеков Сәкен Аралбайұлы, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің басшысы Амангелдиева Айпар Шажалықызы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Жамантаева Ақтолқын Әлиярбекқызы, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Институтының ф.ғ.к., «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті Әділова Шара Дәуітқызы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ф.ғ.к. «Мектепке дейінгі және бастауышта оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті Мамаева Айгүл Еркінқызы қатысып, баяндама жасады. Іс-шараға ЖОО студенттері, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында аталған тақырып бойынша музей қорында сақтаулы латын әліпбиінде жазылған тарихи-құжаттардан көрме жасақталды.

 

Галереясы