Астана қаласының 20 жылдығы

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Астана қаласының құрылғанына 20 жыл толуына орай, «Астана жетістігі–бүкіл Қазақстанның жетістігі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, көрме жасақталды. Іс-шараға №6698 әскери бөлімінің басшылары мен курсанттары қатысты. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Аренова Гүлнар Саматқызы Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойына орай Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданы əкімі Бауыржан Қалжановтың Алғыс хатымен марапатталды.

Галереясы