«АРЫСТАНБАБ КІТАПХАНАСЫ - ҚАЙТА ОРАЛҒАН ҚАЗЫНА»

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының "Болашакка бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің қорынан жасақталаған «АРЫСТАНБАБ КІТАПХАНАСЫ - ҚАЙТА ОРАЛҒАН ҚАЗЫНА» атты көрменің ашылу салтанатты өтті.

Көрменің мақсаты: 1930 жылдарға дейін Арыстанбаб кесенесінде болған мұсылман кітапханасының бір бөлігі саналатын 60-тан аса кітаптарды тарихи орнына орналастырып, бүкіл елге насихаттау.

Көрмеге қойылған кітаптардың көпшілігі «Арысланбабқа» деп атап жазылып, «Мулла Фахриддин Сиддик» деген жазулы мөрмен куәландырылған. Көне қолжазба, кітаптардың бір парасын Бұхарамедресесінің түлегі Оңғарбайұлы Әбусейіт сақтаған. Ал қалған бөлігі Арыстанбаб кесене-мешітін 1907-1909 жылдары қайта қалаған ұста Қалмырза Мүсәпірұлы сақтап қалған. Оңғарбайұлы Әбусейіт сақтаған қолжазба кітаптарды немересі Серікбаев Қазыхан Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби мұражайына тапсырған.

Галереясы