Тамгалы тас

28.06.2018ж. Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласын насихаттау мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойынша іске асырылып жатқан Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында орналасқан – Таңбалы тас ескерткіштеріне археологиялық тұрғыдан кешенді зерттеу және қазба жұмыстарын жүргізу жобасының жұмысымен таныстыру мақсатында баспасөз-конференциясы ұйымдастырылды.

Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Асылхан Темірханұлы, Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ОҚО бойынша жобалық кеңсе жетекшісі, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Бақытжан Әшірбеков, экспедиция мүшелері – этнолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Артықбаев Жамбыл Омарұлы, археолог, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Мургабаев Сағынбай Серікбайұлы, археолог, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Бахтыбаев Мэлс Маратұлы, ОҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры Аренова Гүлнар Саматқызы, ОҚО тарихи-өлкетану музейінің археология бөлімінің меңгерушісі Ержигитова Айсұлу Асқарқызы қатысты.

Галереясы