Кеңес Одағының ыдырауы

90-ж. басында бұрынғы кеңес республикалары сияқты, Қазақстанның өмірінде де КСРО-ның ыдырауына байланысты тарихи өзгерістер болды. Өзінің сан ғасырлық тарихында Қазақстан тұңғыш рет Тәуелсіздік алды.

 

Тәуелсіздік жылдары

Оңтүстік Қазақстан облысы Тәуелсіздік жылдары үлкен жетістіктерге жетті.

Тәуелсіздік жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысы табысы зор, ырысы мол өлкеге айналды. Соңғы жылдары облыстағы инфрақұрылымдар дамып, өнеркәсіптік ірі жобалар іске асырылуы нәтижесінде әл-ауқаттарыңыз артып, тұрмыстарыңыз жақсара түсті. Адам санының өсімі мен өмірінің ұзақтығы жағынан да сіздер қоныстанған оңтүстік өлкенің көрсеткіштері өте жоғары. Бүгінде республика халқының 15 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысын мекендейді. Демек, бұл өңір − ұлтымыздың ұйытқысы, еліміздің еңселі биігі, мемлекетіміздің мәйегі. Бірлігі мен тірлігі жарасқан мерейлі мекеннің

Eліміздің өнері мен руханиятын байытып, экономикасын дамытуға өңірдің қосып отырған үлесі мол. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында облыс жылдан жылға көркейіп келеді. Экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, әлеуметтік сала, денсаулық, мәдениет, спорт, білім салалары дамып, жетіліп, өркендеп келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы экономиканың локомотивтерінің бірі, барша жаңашылдық, өскелеңдік көшбасшысы болып дами береді.