• Мұражай экспозициясына шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізу.
  • Мұражай және мұражайдан тыс өлкетану тақырыптарына байланысты лекциялар оқу және жылжымалы көрмелер ұйымдастыру.
  • Мекеме, ұжымдардың мұражайларына тақырыптық–экспозициялық жоспарын құру және экспозициясын жасау.
  • Мұражайтану тақырыптарына байланысты семинарлар, тренингтер өткізу.
  • Мәдениет, білім беру салаларының өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен, тарихи оқиғалар куәгерлерімен  кездесулер ұйымдастыру және өткізу.
  • Жеке тұлғалар, суретшілер т.б. шығармашылық, мерейтойлық көрмелерін және қолөнер шеберлерінің жәрменкелерін ұйымдастырып өткізу.
  • Мұражайдың қызметінің маңызды жаңалықтары (көрмелер ашылу, қордың жаңа түсімдері, құнды жәдігерлерімен фотоқұжаттар, экспедициялардың нәтижелері т.б. тақырыптар) жайлы радио, телеарналарға, газет, журналдарға әртүрлі ақпарат беру.
  • Антикварлық бағалы заттарға тарихи сипаттама беріп  ақылы кеңес көрсету.
  • Мұражай жәдігерлерін суретке түсіру және тарихи фотосуреттердің, құжаттардың көшірмелерін түсіру.
  • Мұражай экспозициясы бойынша бейне таспаға түсіру.
  • Өлкетану тақырыптары бойынша видеофильмдерді жалға беру.
  • Қалада және облыс көлемінде Шымкент-Сайрам, Шымкент-Шәуілдір-Түркістан жол бағдарым бойынша экскурсиялық қызмет көрсету.

Оқу орындарын, мекемелерді және жеке тұрғындарды ынтымақтастыққа шақырамыз.