Қазақ хандығы және қазіргі заман залында –  XV ғасырда Қазақ хандығының пайда болуы, нығаюы, әкімшілік саяси, мәдени өркендеуінен ақпарат бертін  XV-XVIII  ғасырларға жататын жәдігерлер – көне кітаптар, қыш құмыралар, қару-жарақтың түрлері көрсетіліп отыр. XIX ғасырда Оңтүстік өлкесінің Қоқан хандығы, Ресей патшалығының құрамында болуы, КСРО-ның құрылуы, сол кезеңдегі Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық, саяси, мәдени жағдайын көрсететін жәдігерлер қойылған.