Мұражай тарихы

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының  негізі 1920 жылы қаланды. Алғашқы уақытта оның міндеті қала мектептерін көрнекті оқу құралдарымен қамтамасыз ету болды, сондықтан да, ол Сырдария халық ағарту бөлімінің педагогикалық зертханасы және педагогикалық мұражайы  болып аталды.

1925 жылы музейдің қайта құру жұмысы жүргізілді, оны іске асыру барысында Орта Азиялық табиғат және көне ескерткіштерді қорғау Кеңесінің ғылыми қызметкері М.Е.Массон қатысты, кейінірек ол Өзбекстан және Түрікменстан республикаларына еңбегі сіңген ғылыми қызметкер, атақты ғалым, шығыстанушы, тарих және археология ғылымдарының докторы ретінде бүкіл елге әйгілі болды. 

Массон Михаил ЕвгеньевичМассон Михаил Евгеньевич

Оның  Шымкент мұражайы жұмысын қайта құру жөніндегі есебі мұражай қорында сақтаулы. Бұл құжат Шымкент мұражайының қалыптасып дамуын куәландыратын айғақтардың қатарына жатады. Қайта құрылып, бір қалыпқа түскен соң, мұражайдың жұмысы екі бағытта жүргізілді, ол: күнгейлік өлкенің өндіргіш күштері мен тарихын зерттеу ісі.

Мұражайдың  әрі қарай қалыптасуына жергілікті өлкетанушылар Б.П.Тризна, И.К.Шпота, Т.Шпота, Н.В.Руднев, Н.И.Мекленбурцев, М.А.Быков және басқалар көп ықпал жасады. Сол уақыттан бастап мұражай өлкеміздің тарихын зерттеуде бірқатар жұмыстар атқара бастады. 1926 жылы мұражай профессор П.С. Массагетовтың дәрмене шөбін зерттеу жөніндегі ғылыми экспедициясына, 1927 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың ғылыми қызметкері А.Ю.Якубовскийдің Сығанақ қалашығы мен  «Көк кесене» археологиялық ескерткіштерін зерттеу экспедициясына, 1928-1929 жылдары Мойынқұм шөлді аймағындағы этнографиялық зерттеу экспедициясына, сондай-ақ Қарабұлақ ауылындағы және Талас Алатауының маңындағы көшпелі қазақтардың тұрмысын зерттеу және этнографиялық, ботаникалық, зоологиялық, археологиялық құжаттарды жинау мақсатында жүргізілген этнографиялық экспедицияға қатысты. 

ЭксонатыЭксонатыЭкспозиция
1920-ші жж. мұражай экспозициясы

1938 жылы мұражай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы болып қайта құрылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында мұражайдың  барлық жұмысы әскери тақырыптар аясында жүргізілді. Соғыстан кейінгі жылдары мұражай экспозицияларында, негізінен, өлкеміздің социалистік құрылысына үлкен көңіл бөлінді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары да халық шаруашылығын қалпына келтіру мәселелеріне арналды.

Старое здание музея

1948-1949 жылдары мұражай тарих ғылымдарының докторы А.Н.Бернштамның басқаруымен КСРО Ғылым Академиясының жүргізген ғылыми-археологиялық экспедициясына қатысты. Сондай-ақ, Ленинградтағы КСРО Ғылым Академиясына қарасты антропология және этнография мұражайымен және Қазақ КСР Ғылым Академиясымен, Қазақстанның орталық мұражайымен  қарым-қатынасы күшейе түсті. Осы, кезеңде мұражай Х.А. Алпысбаевтың басқаруымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының Қарасу мекеніне жүргізген ғылыми экспедициясына қатысты, оның барысында палеолит дәуіріне байланысты өте құнды құжаттар алынды. Көп жылдар бойы мұражай Қазақ КСР Ғылым Академиясына қарасты Ш.Уалиханов атындағы археология және этнография институтының Отырар қалашығын зерттеген ірі ғылыми экспедициямен өте тығыз байланыста болды.

Раскопки на городище ОтрарРаскопки на городище Отрар
Раскопки на городище ОтрарРаскопки на городище Отрар
Отырар қалашығындағы қазба жұмыстары

Ал, 1987-1988 жылдары музей Қазақ КСР Ғылым Академиясына қарасты зоология институтының Түркістан ауылында орналасқан Қосқорған кешенінде жүргізілген палеонтологиялық экспедициясына қатысты.

Соңғы жылдары мұражай өз бетінше бірнеше археологиялық экспедициялар ұйымдастырды, атап айтар болсақ, Алтынтөбе, Жүзімдік және Жуантөбе, Күлтөбе қалашықтары, Бөріжар қорымын және Боралдай өзенінің жоғарғы ағысындағы аудандарды, Бөген су қоймасындағы аймақтарды, Қостөбе обаларын және ежелгі Сайрам жерлерін т.б. зерттеуге ден қойды.

Ең алғаш құрылғаннан бастап 1975 жылға дейін мұражай Қазан революциясына дейін салынған, бұрынғы Шымкент уезінің әкімшілігі орналасқан ғимаратты иеленіп келді. 1977 жылы музей  жалпы көлемі – 2367 ш.м. қамтитын ғимаратқа көшті. 

Старое здание музеяСтарое здание музея
Мұражайдың ескі ғимараты

2014 жылы ОҚО тарихи-өлкетану мұражайы заман талабына сай салынған, жаңа ғимаратқа көшті. Оны ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған іс-сапары барысында телекөпір арқылы ашты.Мұражайдың жалпы ауданы 2541,81 шм. Оның ішінде экспозиция залдарының жалпы ауданы – 1060,12 ш.м. Мұражай «Табиғат, палеонтология, археология», «Этнография», «Қазақ хандығы және жаңа заман», «Тәуелсіз Қазақстан» деп аталатын төрт экспозиция залдарынан тұрады.

Новое здание музея

Мұражай және оның филиалдарында 93  мың 427  жәдігерлер жинақталған.  6 мың 500  кітап қоры бар арнайы ғылыми кітапхана жұмыс істейді.Жылына мұражайға  келушілер саны орта есеппен 100-мыңнан асады. Оларға 250-ден аса лекциялар оқылып, 1000-нан астамэкскурсиялар, 90-ге  жуық көпшілік іс шаралар, 100 астам тұрақты және жылжымалы көрмелер ұйымдастырылып тұрады

Қазіргі таңда, мұражайдың 8 филиалы халыққа қызмет етеді. Олар, Шымкент қаласындағы - «Ерлік», «Хакім Абай» мұражайлары, Түркістан қаласында - С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражайы, Түркістан ауданының Ескі Иқан ауылында - Міртемір әдеби-мемориалдық мұражайы, Сайрам ауданында - Сайрам тарихи-өлкетану мұражайы, Түлкібас ауданында - Тұрар Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, Сарыағаш және Шардара аудандарының тарихи-өлкетану мұражайлары