Міртемір атындағы әдебиет мұражайы

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану музейінің секторы Міртемір атындағы әдебиет музейі 1990 жыл құрылған, Түркістан ауданы, Ескі Иқан ауылында орналасқан. Ескі Иқан ауылында туылған қазақ – өзбек халқының достығының жаршысы, күйшісі, ұлы тұлға, Өзбекстанның халық ақыны Міртемір Турсуновтың мемориалдық мұражайы.

Міртемір Түрсынов 1910 жылы Ескі Иқан ауылында туылған. 1929 жылы ол Ташкент қаласындағы Өзбек білім институтын, ал 1932 жылы – Самарқандағы педегогикалық академиясын бітірген.

1928 жылы оның «В объятиях лучей» (Шуълалар қўйнида), «Зафар», «Взволнованность», «Коммуна», «Столица», «Месть» (Ўч), «Новые стихи», «Избранные произведения» атты өлеңдер жинақтары жарық көрді. Міртемір Н. А. Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо», Ш.Руставелидің «Витязь в тигровой шкуре» поэмаларын және А. С. Пушкиннің, Абайдың, Р. Тагор т.б. кейбір шығармаларын өзбек тіліне аударды.

М. Турсунов өзбек поэзиясын өз туындыларымен байытып, өзінің поэзиямен мектебін қалыптастырған және әдебиетте өз ізін қалдырған тұлға.

Экспозиция бөмелерінде ақынның суреттері, қолжазбалары, өлеңдер жинақтары, жеке тұрмыстық заттары, құжаттары, киімдері көсетілген. Және де жергілікті ақындар Қаныбек Сарыбаев, Фархад Рахимов, Сабырхан Асанов, Акажан Иззатулла, Әбдіғаппар Жақыпов, Шадман Құрбанхажиев, Рахымжан Атаев, Сұлтан Бабаханов, Парпи Бабаев, Хамза Мирхайдаровтардың қолжазбалары, өлеңдер жинақтары, суреттері қойылған.

Мұражайдың ауданы 133 ш.м., оның ішінде экспозиция бөлімі -109 ш.м., қор сақтау бөлімі-12 ш.м., көрме залы-12 ш.м. құрайды.

 

Мекен – жайы:

Түркістан қаласы, Ескі Иқан ауылы, 
Д.Қонаев көш., №2

 

Галерея