«Ерлік» мұражайы 2012 жылы желтоқсан айында ОҚО әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей тапсырмасымен жасақталып, ашылды. 2013 жылы 19 шілдеде облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы болып  бекітілді. Мұражайдың ауданы 209,6 ш.м. Оның  ішінде  Экспозиция  залы 110,2 ш.м.

Мұражай 4 зал бір галереядан тұрады:
  • 1-ші зал – Соғыс залы (1941-1945 ж.ж.);
  • 2-ші  зал – Тыл залы;
  • 3-ші зал – Этнографиялық зал;
  • 4-ші зал – Ауған соғысы залы (1979-1989 ж.ж.);
  • 5-ші – Галерея.

 

Мекен–жайы:  

Шымкент қаласы,  Тәуке  хан  даңғылы, №228
Телефоны: 8 (7252) 57-12-41